«Құқық» бағытында «Өмірдегі басты құндылық» тақырыбындағы тренинг » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқық» бағытында «Өмірдегі басты құндылық» тақырыбындағы тренинг
15
март
2023

«Құқық» бағытында «Өмірдегі басты құндылық» тақырыбындағы тренинг

Өмірдің рухани құндылығы
«Құндылық» - адамның өмірді бағалауы , грек ғалымы Скрот
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған «Құқық» бағытында «Өмірдегі басты құндылық» тақырыбындағы тренингті педагог - психолог Шарипова Алмагүл 8 -11 сынып оқушыларының қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізді.
Психологиялық тренингті ұйымдастыру барысында , өмір адам баласына бір - ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету , адам бойында болатын асыл қасиеттерді , адамгершілік , мейірімділік сезімдерін дамыту арқылы жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту, балалардың ойын ашу, өмірге көзқарастарын қалыптастыру көзделді.
Алмагүл Орынбасарқызы сөз алып, Өмір - ол адамға бір- ақ рет берілетін қымбат сый . Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?...Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата - анаң . Демек, саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Өз өмірің, өз әлемің өз қолыңда! Біреуге ренжіп, біреуді кінәлап, мін тағу дұрыс емес. Өмірдегі қайғын мен қиындықты, сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек.
Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады . Міне , өмірдің өзі біле - білсең сонысымен қымбат дей келе, өмір туралы ойларын тренинг - жаттығулар жасату арқылы жалғастыруы нақты болды .
Өмір , қымбатсың маған!
[]http://konaev-talas.mektebi.kz/uploads/posts/2023-03/1678861296_444444444444.jpg[/]
[]http://konaev-talas.mektebi.kz/uploads/posts/2023-03/1678861296_444444444444.jpg[/]
[]http://konaev-talas.mektebi.kz/uploads/posts/2023-03/1678861296_444444444444.jpg[/]