Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым! » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!
02
июнь
2023

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 4 «Ә» сыныбының оқушыларының , сынып жетекшісі Нысанбекова Сәуле Керейбекқызынан білім мен тәлім алып , қанаттарын қатайтып, бастауыш сыныппен қоштасу іс - шарасы жоғары деңгейде өтті .
4 «Ә» сынып оқушыларының , бастауыш сынып басқышында, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлап , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстазы мен ата - аналарға арнаған өнерлері өте керемет, көрерменнің зор ықыласына бөленді.
«Бастауышпен қоштасу» әнін 4 «Ә» сыныбының оқушысы Жантасова Аяла орындаса; Көркемсөз оқушылары «Бастауышым - балбұлағым!» атты әдеби - поэтикалық монтажды жатқа айтты.
Сыр мен сезім қатар үйлесім тапқан сәтте, алғашқы білім берген ұстазы Сәуле Керейбекқызы сөз алып , осынау қуанышты да , қайталанбас күндерімен құттықтай келе, Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды, білімді, ел тізгінін ұстайтын ұландар, көркейтетін қыздар болыңдар , -деген ұстаздық ,аналық жылы лебізін білдіруі сәтті шықты. Есті күндердің естелігі іспетті «Біздің балғын балалық!» атты фильмді тамашалатуы құнды болды.
Білім мен өнерді серік еткен 4 «Ә» сынып оқушыларының «Құдаша» әніне композициялық шоуын көрермен қауым жылы қабылдады.
«Шабыт» биімен 4 «Ә» сынып оқушысы Сәбденбек Мөлдір тәнті етсе , көркемсөз оқушылары «Мектебім - айтар әнім» атты әдеби - поэтикалық монтажды жатқа айтты.
4 «Ә» сынып оқушыларының Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт деген не?» өлеңіне композициялық қойылымын көрермен қауым жылы қабылдады.
4 «Ә» сынып оқушысы Қалдарбек Сумаия «Бастауышпен қоштасу» әнін жолдаса; «Адамның сәні - өнер, білім, ақылы» деп білім мен өнерді қатар алып жүрген, 4 «Ә» сынып оқушысы Жұмабай Аружан заманауи биін тарту етті. Мерейлі мереке аясында бастауыш сыныптың педагог - психологі Битенова Дина Ауданқызы ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайтуға бағытталған психологиялық тренинг жүргізді.
Іс - шарада 4 «Ә» сынып оқушылары «Мектеп вальсін» биледі. Ата - аналардың қолдауымен бірқатар ұстаздар мен қызметкерлер арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.
«Мың алғыс, Сізге , біздей түлектерден,
Мың алғыс, мына, отты жүректерден!» деген жалын мен жігерге толы үн қатқан жүргізушілердің лебіздер легінен соң, ата - аналар мен білім алушылар естелік суретке түсті.