1қазан - «Халықаралық қарттар күніне» орай №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Қарттарым, аман - сау жүрші ...» атты мерекелік іс - » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1қазан - «Халықаралық қарттар күніне» орай №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Қарттарым, аман - сау жүрші ...» атты мерекелік іс -
05
октябрь
2022

1қазан - «Халықаралық қарттар күніне» орай №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Қарттарым, аман - сау жүрші ...» атты мерекелік іс -

Қарттарым, аман - сау жүрші ..
Жастық шақ - даналықты меңгеруге арналған,
Кәрілік - оны қолдануға арналған уақыт. Ж.Руссо
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінің «Мектеп парламенті» және «Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымының белсенді мүшелері 1қазан - «Халықаралық қарттар күніне» орай №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Қарттарым, аман - сау жүрші ...» атты мерекелік іс - шараны жоғары деңгейде өткізді.
Арнаулы қызмет алушы қарияларға жылы лебізін, ақ тілегін арнаған осы жолдардың авторының құттықтау сөзінен соң, 8«Ә» сынып оқушысы Асылхан Сымбат «Асыл әжем» әнін әуелете орындаса, 8 «А» сынып оқушысы Альфия Сүлейменқызы «Аңса жаным» әнін шырқап, кеш шырайын аша түсті.
Көркемсөз оқушылардың «Қариялар - асыл қазына» әдеби - поэтикалық монтажды тебірене отырып тыңдаса , 1 «Б» сынып оқушылары Төленқызы Сезім мен Болат Нұрдәулеттің орындауындағы «Кел, балалар оқылық!» әнін қызмет алушы қариялар жылы қабылдады.
Сәніне салтанаты сай үйлесім тапқан сәтте 9 «А» сыныбының оқушысы Шалабек Мақпал «Ерке сылқым» күйін күмбірлете орындаса, мың бұралған бишілер тобы «Қазақ биін» тарту етті.
Мектептің педагог - психологі Алмагүл Шарипованың жүргізген «Жақсы көңіл күй - жан азығы» атты психологиялық тренингке қызмет алушылар қызығушылықпен қатысты.Тренингке белсене қатысқан қызмет алушылар мен туған күн иелеріне сыйлықтар табысталды.
Білім ұясының ата - аналар кеңесінің мүшесі, №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының заңгері Әбдіхалық Шүленбаев түйін сөз алып, қызмет алушыларды құттықтап, естелік суретке түсті.
Үлкенге - ізет, жасқа - жол!