«Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім!» атты мерекелік іс - шара » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім!» атты мерекелік іс - шара
21
апрель
2022

«Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім!» атты мерекелік іс - шара

Тілім - тірегім , соғып тұрған жүрегім!
Таңым атты шындықты қолдайтұғын,
Басымызға бақ - дәулет орнайтұғын.
Қазақ деген - елім бар құшақ жайған,
Өзгені , өз ұлындай қорғайтұғын , - деп ақын жырлағандай, Қазақстанды мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың тілі мен мәдениетін құрметтеуге бағытталған , 21 ақпан - Халықаралық ана тілі күніне орай «Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім!» атты мерекелік іс - шара тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түменбаева Сәуле Әбдірахманқызының ұйымдастыруымен, мектеп тәлімгері Күзенбаева Жанар Жәңгірқызының үйлестіруімен №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында талапқа сай өткізілді.
Қазақстанды - достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этнос өкілдері - оның алтын арайлы уықтары іспеттес. Тату елге - тыныштық орнайды, бейбіт елде - береке болады деген жүргізушілер таныстыруынан соң , 7 «А» сынып оқушысы Құрманәлі Жандәулет «Қазақ елі» әнін орындаса, 7 «Б» сынып оқушылары Қасым Ділназ, Айтымбет Жұлдызай «Өзбек» биін биледі.
«Тіл - өмірмен өзектес жанды құбылыс» белгілі ғалым Рабиға Сыздықова, айтқандай , 7 «А» сынып оқушысы Е.Қожагелді «Казахстан - ты, Родина моя!» , 8 «А» сынып оқушысы Е.Платонов «Казахстан» өлеңін жатқа оқыса , 7 «А», «Ә» сынып оқушылары Мыңбай Асылзат, Турабекова Аяжан орыс ұлтының «Калинка» биі биін тарту етті . 8 «А» сынып оқушылары М.Шалабек, Ә. Лидің орындауындағы «Песенка о друге» әнін қызмет алушылар жылы қабылдады.
Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы. Туған тілін мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп , өсе түсуіне еңбек сіңіру - өрелі іс деп түйіндеген 7 «А» сынып оқушысы Құрманәлі Жандәулет «Мен, қазақтың баласы» әнін тебірене орындаса, 7 «Б» сынып оқушысы Қасым Ділназдың орындауындағы «Үнді» биіне қызмет алушылар бірге билеп, мерекелік іс - шараның шырайын аша түсті . Әсем ән мен сырлы бидің аясында , ақпан айында дүниеге келген әлеуметтік қызмет алушыларға сый - құрмет көрсетілді.
Білім ұясының педагог - психологы А.Шарипованың қызмет алушылармен «Сәттілік гүлі» , «Менің қасиетім» атты психологиялық тренингті жүргізуі құнды болды.
Өмір - дүние толқынында, қазыналы - қарттарымыздың көңілдеріне қаяу түсірмей, әрқашанда мерейлерін асқақтатып жүре берейік.
Бірлігі жоқ - ел тозады, бірлігі күшті ел - озады!
«Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім!» атты мерекелік іс - шара