Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , Алаш азаматтарын ұлықтауға бағытталған айлық аясында , 8 «Ә» сынып жетекшісі Құлжанова Салтанат » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , Алаш азаматтарын ұлықтауға бағытталған айлық аясында , 8 «Ә» сынып жетекшісі Құлжанова Салтанат
15
ноябрь
2023

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , Алаш азаматтарын ұлықтауға бағытталған айлық аясында , 8 «Ә» сынып жетекшісі Құлжанова Салтанат

Алаш деп ұрандаған ұлы ақын!
«Абай аңсаған «Толық адамдары» Алаш көсемдері болды» .
- Нұрхалық Абдырақын
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , Алаш азаматтарын ұлықтауға бағытталған айлық аясында , 8 «Ә» сынып жетекшісі Құлжанова Салтанат Сейітханқызы, аса көрнекті ақын , ғажап ақыл - ойшыл , Абай дәстүрін жалғастырушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына - 130 жыл толуына орай «Асқақ арманды ақын» атты ашық тәрбие сағатын талапқа сай өткізді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында;
Тәрбие құндылығы: Ұлттық мүдде.
Мақсаты: қазақ халқының XX ғасыр басындағы аса көрнекті ақыны , Абай дәстүрін жалғастырушы, ақындық қуатын дарынымен жырлаған - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қаламынан туындаған шығармалар арқылы білім алушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, өршіл ақынның айтар ойы арқылы азаматтық бейнесін ашу, рухани әлемінен үлгі - өнеге алуға бағыт беру көзделді.
8 «Ә» сынып жетекшісі Салтанат Сейітханқызы, Алаштың дарынды ақыны, жалынды публицист, ағартушы, қуатты талант иесі, сыршыл да өршіл ақынның жазушылық қызметнің тарихи дүрбелең кезеңнен бастау алғанын, оның ойына түрткі, бойына шабыт бітірген Ресейде 1905 - 1907 жылдардағы және қазақ даласындағы патшаға қарсы 1916 жылғы қозғалыстардың ұлттық санасының оянуына себепкер болғанын ; Қым - қиғаш саяси күрес жылдарында өз ұлтын рухани азат болу бағытына үндеп, жоғын жоқтап, болашақтың ақ жолына шақыруды - азаматтық парызы санағанын
«Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам! - деген өлең жолдары арқылы жеткізгенін айта келе, ақынның өзі өмір сүрген заманның көгіне күн болып, өрмелеп шығып өтті деуге толық негіз бар деп қорытындылауы құнды болды.
Өршіл рухты ақынның өмірлік сапары - аз уақытпен шектелсе де, артына өшпес із қалдырған мол мұрасы - казақ әдебиетінің көгінде мәңгілік, ұрпақтан - ұрпаққа нұрын шаша беретініне сеніміміз мол !