09
октябрь
2023
«Тіл тазалығы» тақырыбындағы апталық
Ұлтын ұлықтаған - Алаштың ардағы!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , Ұлттың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл тазалығы» тақырыбындағы апталықта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Абишева Индира , Қынат Ардақ , орыс тілі пәнінің мұғалімдері Байболатова Тұрсынкүл, Таурбекова Асия, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Синаева Мұхтарима, Жарылқапова Гүлнардың ұйымдастыруымен «Ұлтын ұлықтаған - Алаштың ардағы!» тақырыбындағы танымдық кеш талапқа сай өткізілді.
Ақынның шығармашылық рухани әлемін өмірін үлгі ете келе , ұлттық құндылықтар аясында: ұлттық мүдде тұрғысында , ана тілін құрметтеуге , өз елін шексіз сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға бағыт беру көзделді.
Ахмет Байтұрсынұлы - халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері Абай, Ыбырай, Шоқан салған із - ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым , көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші , тюрколог, дарынды ақын - аудармашы ретінде атқарған еңбек жолы туралы слайд таныстырылымы құнды болды.
Ақынның өлеңдері үш тілде мәнерлеп , жатқа айтылды. Тағдыр талайының жүрегінде салған ізі - Семей түрмесiнде жатқанда анасына арнап жазған «Анама хат» атты өлеңіне сахналық қойылымды білім алушылар шебер сомдай білді.
1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның құрсауына ілініп, атылғаны; Қазақ елінің рухани көсемінен мәңгіге айрылғанын жеткізуі нақты.
Асықпаңдар!
Артымызда қазы бар,
Тергеп талай, көрлеріміз қазылар , - деп ақынның өзі айтқандай , 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты - Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып , толық ақтау туралы шешім қабылдап, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілгенін атап көрсетті.
Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатындағы жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт - арманы, ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналғаны туралы мағлұмат берілді .
Алаштың ардағы - ел есінде мәңгі сақталады!
Талас Ауданы Білім Бөлімі