«Құшағын ашқан бәріне, туған жер саған , мың алғыс!» атты мерекелік іс - шара » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құшағын ашқан бәріне, туған жер саған , мың алғыс!» атты мерекелік іс - шара
18
март
2024

«Құшағын ашқан бәріне, туған жер саған , мың алғыс!» атты мерекелік іс - шара

Құшағын ашқан бәріне, туған жер саған , мың алғыс!
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде 5"Ә" сынып жетекшісі Бишаева Жансая Жақсылыққызы «Құшағын ашқан бәріне, туған жер саған , мың алғыс!» атты мерекелік іс - шараны талапқа сай өткізді .
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көңілі деген 5"Ә" сынып оқушылары , Анаға - өмір сыйлағаны ; Әкеге - қорған болғаны ; Сөзге - жанды жылытқаны ; Күнге - шуағы; Жұлдызға - түндегі жарығы; Досқа - құшағы; Әжеге - ыстық алақаны ; Суға - тіршілік көзі болғаны үшін; Жерге - болғаны үшін, Отқа - жылулығы үшін хормен: "Алғыс айтамыз!" деп ізгі тілектерін жеткізді.
«Алғыс» әнін 9 «Ә» сыныбының оқушысы Сымбат Асылхан орындаса; . Ветховеннің шығармаларынан үзінділерді 5 «Ә» сынып оқушысы Үсенқызы Жасмин орындады .
Мереке аясында педагог - психолог Битенова Дина Ауданқызы «Алғыс айту - парызым!» атты психологиялық тренингті ұстаздармен жүргізді .
«Тынымсыз - ізденіс, түбегейлі - нәтиже» , - деп халықаралық , республикалық би байқауларында жүлделі орын қатарында жүрген , 5«Ә» сынып оқушысы Жұмабай Аружан «HUSTLE» биін орындады .
5 «Ә» сынып оқушылары «Алғыс айту - парызым» атты жыр шашуды тарту етті .
Шыңдаған, елге танытқан,
Қазаққа дархан рақмет.
Салт - дәстүрін сіңірген
Жеріме байтақ рақмет! , - дей келе «Қара жорға» биін 5 «Ә» сынып қыздары мың бұрала биледі .
Қадірлі , ата - аналар!
Дендеріңізге саулық, отбасыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.
«Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар !