04
октябрь
2018
Ұлылылықтың басында ұстаз тұрар ...
ҚАДІРЛІ ТҮЛЕКТЕР ! Қазыналы Қаратау қаласындағы киелі қара шаңырақ - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінен түлеп ұшқан асыл жанды ару қыздар мен атпал азаматтар ! Сіздерді , білім айдынындағы телегей теңіз иірімдеріне жетелеген ұлағатты ұстаздарыңыз бен балдəурен , балғын шақтарыңдағы қызықты күндерің мен бақытты сəттеріңнің куəсі болған алтын ұя - мектебің , білім ордасы - əрдайым үлкен сағынышпен еске алып отырады . " Ұлылылықтың басында ұстаз тұрар ..." деген . Ұстаз бақыты - шəкірт құрметі . Ұрпақ тəрбиесі - ұстазға байланысты . " Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің " дегендей , өнегелі ұстаздан өресі кең , ұшқыр ойлы шəкірт шығары сөзсіз . Шəкірттерін білім нəрімен сусындатып , тəлім - тəрбие беру , ізгі қасиеттерді өн бойына дарытып , рухани құндылықтарды сіңіруде , жанам деген жүректерге от беріп , ұшқыннан жалын лаулатудағы ұстаздардың ерен еңбегі ұлан - ғайыр , ұшан теңіз . Сондықтан да , ұстаз бейнесі - қашанда биік , ерекше дара . Қадірлі түлектер ! Білім айдынында ұлы көшті алға сүйреп келе жатқан - ұлағатты ұстаздарыңызға деген ой түйме , көзқарастарыңыз бен пікірлеріңізге қоғамның куə болғанын қалаймыз . Осы орайда , " Ұстаздар күні " мерекесі қарсаңында біздің əлеуметтік желілердегі парақшамызға : киелі мекен , бақ орда алтын ұя - мектебіміз туралы естеліктеріңізбен ой бөлісіп , Ұстаздарға жылы лебіздеріңізді бейне / видео / форматта / мүмкіндігінше өзіңіздің жұмыс орныңызда / жолдауға шақырамыз . МЕКТЕП ƏКІМШІЛІГІ