05
октябрь
2022
1 қыркүйек - Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиын
Білім - тәрбие бастауы!
«Өмірде ең бастысы - адамдық парасаттылық , білім және өз Отанына адалдық» Қасым - Жомарт Тоқаев
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 1 қыркүйек - Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиын талапқа сай өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің - 30 жылдығы, Ұлттың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының - 150 жылдығы , ғасыр әншісі Роза Бағланованың - 100 жылдығы, даналықтың үлгісі Қазыбек бидің - 355 жылдығы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің - 125 жылдығы, Ұлы тұлғалар шоғырында тарих бетінен орын алған, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың - 110 жылдығы және «Балалар жылы» аясында , білім ұясы - күрделі жөндеуден өтіп, білімге құштар, еңбексүйгіш, Жаңа Қазақстанды бірге құратын - білім алушыларға құшағын айқара ашты.
Салтанатты жиынға ,Талас ауданы әкімінің орынбасары Абдибекова Айтолқын Серікқызы,Талас аудандық мәслихат хатшысы Садубаев Қадірбек Рысқұлбекұлы, Талас ауданының білім бөлімінің басшысы Қазанғапов Мақсат Арапұлы,Талас ауданының Құрметті азаматы Зейнолла Сабыров, мектепішілік Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Көлбайұлы Байзақ, Білім ұясының ұстаз - ардагерлері Молдабаева Данагүл, Дуанаев Салихан.т.б. қоғам өкілдері қатысты.
Мектеп директоры Токбергенова Гүлжамила Жидебаевнаның алғы сөзінен соң, «Ұстазым» әнін 8 «А» сынып оқушысы Құрманәлі Жандәулет орындады.
Талас аудандық мәслихат хатшысы Садубаев Қадірбек Рысқұлбекұлы сөз алып, білім алушыларға , бәсекеге қабілетті , шығармашылық қарымы шыңдалған шәкірт ретінде танылып , келешекте еліміздің тұтқасын ұстар - азамат болыңдар , - деп ақ тілегін білдіруі құнды болды .
2022 - 2023 оқу жылының басталуы туралы бұйрықты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жакенова Эльмира Қартқожақызы таныстырды .
1 - сынып оқушылары «Білім - тәрбие бастауы!» атты жыр - шашуды жолдаса; «Кел, балалар, оқылық!» әнін 1 «Б» сынып оқушылары Болат Нұрдәулет, Төленбекқызы Сезім әуелете орындады.
«Білім бәсекесінде алда болу - абырой» деген қағиданы ұстанатын білім алушыларды Талас ауданының Құрметті азаматы Зейнолла Сабыров , Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Көлбайұлы Байзақ аға , ұстаз - ардагер Молдабаева Данагүл әпкей құттықтап , жүрек жарды ақ тілектерін арнады.
Мемлекеттік рәміздер туралы 1- сынып оқушылары «Елтаңбам - елдігім , көк туым - теңдігім!» атты жыр шашуды мәнерлеп жатқа оқыса , «Мен қазақтың баласы» әнін 8 «А» сынып оқушысы Құрманәлі Жандәулет ерекше рухты, күш - жігерімен үндесіп орындауы сәтті шықты .
«Алғашқы қоңырау соғу» салтанаты - алтын белгіден үміткер , 11 «А» сынып оқушысы Юлдашева Малика ,1 «Ә» сынып оқушысы Жеңіс Айару , 1 «А» сынып оқушысы Ермекбай Айсана ,1 «Б» сынып оқушысы Рахымжан Қаһарға тапсырылды.
Жаңа оқу жылы - табысты да, жетістікке толы болсын!