«Қонаев - ұлттың ары мен намысы! Қонаев - ұлттың рухы мен иманы! Қонаев - қазақтың қанағат мектебі! » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қонаев - ұлттың ары мен намысы! Қонаев - ұлттың рухы мен иманы! Қонаев - қазақтың қанағат мектебі!
05
октябрь
2022

«Қонаев - ұлттың ары мен намысы! Қонаев - ұлттың рухы мен иманы! Қонаев - қазақтың қанағат мектебі!

ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҰСТАЗЫ
«Қонаев - ұлттың ары мен намысы! Қонаев - ұлттың рухы мен иманы!
Қонаев - қазақтың қанағат мектебі!
Темірше Сарыбайұлы, ақын
Табиғаттың адамға тартқан сыйы - берекелі күз мезгілінде ,Тұғыры биік Таластың төрінде орналасқан , Қазыналы Қаратау қаласында заманауи үлгіде бой түзеп, ерекше көрік беріп тұрған - мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы мұражайда, Талас ауданының білім бөліміне қарасты білім ұяларының мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының бас қосып, ой бөлісіп, сұқбаттасудың сәті түсті.
Димаш атаны бола ма, ұмытуға,
Ол - кемеңгер, ғажайып ұлы тұлға!
Жалғыз өзі жарады қапас күнде,
Ұлан байтақ даланы көркейтуге, - деп ақын жырлағандай , Жаңа Қазақстанды құрушы мектеп оқушыларына - Ұлы тұлғалар шоғырында тарих бетінен орын алған, алты алаштың айбарлы ақсақалы , мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мемлекетімізді дамытып , өркендетудегі рөлі мен ерен еңбегі, ғибратты ғұмыр белестері мен қоғам игілігі үшін қалтқысыз қызмет еткен жылдары туралы бағыт беру көзделді.
Д.Қонаев қорының Талас аудандық филиалының төрағасы , ұстаз - ардагер, Талас ауданының ата - аналар кеңесінің төрағасы Ілес Нұрұлымен өткізілген «Ұлттың рухани ұстазы» тақырыбындағы дөңгелек үстел басында, Ұлы тұлғаның есімін иеленіп отырған мұражайдың ашылу салтанатына арнайы қатысқан - Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қорының вице - президенті Болат Байболдың тарту еткен - Кемеңгер кие иесінің Сталиннен Горбачев басқарған жылдардағы жазған 40 шақты кітап қорынан: мектеп оқушылары - өздеріне деген қажеттілікті тауып, өмір - дүние толқынында қолданады деген жылы лебізі мен жүрек жарды тілегін тәрбие мамандары бірауыздан қолдады.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы мұражайда: білім ұяларындағы кәсіби бағдар беруші педагогтардың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, кітап оқу сағатын ұйымдастырып өткізу, тұлға туралы ой маржандарын тілге тиек етіп , бақыт кілті - еңбекте екендігін ұғындыру арқылы мектеп оқушыларын адал еңбек етуге баулып , рухани адамгершілікке бағыт беріп , адами қасиетін , адамгершілік келбетін қалыптастыруға, жеке тұлғаның өзін - өзі кәсіби тұрғыдан анықтауға ықпалы зор болары сөзсіз демекпін.
Сұлулық символы - еңбекте,
Еңбекпен арманды ардақтап,
Еңбекпен өмірді өрнектейік!
«Қонаев - ұлттың ары мен намысы! Қонаев - ұлттың рухы мен иманы!  Қонаев - қазақтың қанағат мектебі!