09
октябрь
2023
«ДУБЛЕР КҮНІ» - өзіңді тануға даңғыл жол!

«Мәдениетіміздің негізі - білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады» . - Халел Досмұхамедұлы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 2023 жылдың 28 қыркүйек күні «Дублер күні» өзін - өзі басқару күні талапқа сай өткізілді.
«Дублер күнінің» міндеттеріне сәйкес, білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту ; қоғамдық іс - шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым - қатынас дағдыларын дамыту; жауапкершілік сезімін, өзара қарым - қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу барысы талап - тұрғысына сай жүргізілді.
Мектеп парламентіндегі «Мәдениет және өнер фракциясы» министрі Турабекова Аяжан 5 «Ә» сыныбында «Егіздер фестивалі» атты сабаққа кеңес беруші ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші Жарылқапова Гүлнармен бірге , сабақ жоспарын түзіп, оқу бағдарламасына сәйкес , топтық, жұптық жұмыс жасау арқылы сөйлеу дағдысын дамыту; қысқаша мәтіндегі негізгі ойларды түсіндіру көзделді.
Сабақты сәлемдесуден бастап, үй тапсырмасын тексерді.Оқушылар жаңа сөздерді тақтаға шығып жатқа айтты. Жаңа сабақтың тақырыбын оқушыларға егіздердің суретін көрсету арқылы ашты.
5 «Ә» сынып оқушылары «Twins festival» тақырыбындағы мәтінді оқып, аударды.
2 - жаттығудағы сұрақтарға жауап берді. Жұптық жұмыс болды , бір оқушы сұрағын оқыса , екінші оқушы жауап беріп отырды. Осы тақырыпқа байланысты жұмыс кітабындағы жаттығуларды орындады, топтық жұмыс болды. Сабақ өте қызықты өтті. Айзере, Мөлдір, Жасмин, Айым 8 балл алса; Аружан , Иманғали , Аққанат 7 балл алды. Нәтижесінде, сабақ «Өте жақсы» өтті , оқушылар сабаққа белсене қатысып, тәрбиелік мағынасы құнды болды.
Мектеп парламентіндегі «ҚР Оқу - Ағарту министрлігінің балалар өкілдігі Қырықбай Кәусар химия пәнінен 8 «Ә» сыныбына өткізген «Химиялық рекция теңдеулерін құру» атты сабаққа кеңес беруші химия пәнінің мұғалімі, педагог - модератор Қуандықова Райханмен бірге , сабақ жоспарын түзіп , оқу мақсаттарын , рекцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жазып , химиялық рекция теңдеулерін құру көзделді.
«Жасырынған формула» әдісі бойынша алюмений қосылысы құрамындағы алюменийдің массалық үлесін анықтауда оқушылар белсенділік танытты.
Топтық жұмыс жасауда «Бірге ойлаймыз» белсенді оқыту әдісін негізге ала отырып , оқушыларға тұжырымдалған картаны толтыруды тапсырды. Нәтижесінде, реагенттердің және өнімдердің формуласын жазып , химиялық рекция теңдеулерін құрып, теңестіруі сәтті шықты.
Қорытындылау кезеңінде , сынып оқушылары кері байланыс жасап, сабақта көрініс тапқан қызықты сәттер, қиындық тудырғаны, ойландырған сәттері туралы жарыса жеткізіп жатты.
Сабақта тақырып толық талданды, себебі: оқушылар тапсырманы орындай отырып , алға қойған мақсаттарына жете білді .
Мектеп парламентіндегі «Мектеп президенті» Нұржан Айшаның қазақ әдебиеті пәнінен 5 «А» сыныбында өткізген «Қобыланды батыр» жырының кейіперлері тақырыбындағы сабаққа кеңес беруші қазақ тілі пәнінің мұғалімі, педагог - шебер Уртаева Жұмакүлмен бірге, сабақ жоспарын түзіп, оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарын, көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс - әрекеті арқылы образын ашу; кейіпкерлер портретін жасау, кейіпкерлерге мінездеме беру, шынайы өмірмен салыстырып, көзқарасын жеткізу , көркем шығармадан үзіндіні мәнерлеп оқып, жатқа айту көзделді.
«Визуалды айғақтар» әдіс бойынша 5 «А» сынып оқушылары таратылған суреттерді «Қобыланды батыр» жырының мазмұнына сай жүйелеп, плакатқа жапсырып , мағынасын ашулары сәтті шықты. Нәтижесінде, оқушылардың ертегі мазмұнын қаншалықты меңгергендігі аңғарылды.
Сынып оқушылары кейіпкердің сыртқы бейнесі, сөзі, пікірі , мінезі, көңіл күйі , іс - әрекетін анықтап, дәлел келтіріп жеткізе білді.Тақырып толығымен талданды. Оқушылар кейіпкер, образ, бейне, портрет ұғымдары туралы толық білім алды. Тақырыптың негізгі түйіні ашылды.
«Мектеп парламенті» өзін - өзі басқару ұйымының көшбасшылық қасиетін ашу және ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыруға бағытталған «Дублер күні» белсенділік танытқан бастамашыл топ құрамы мен пән мұғалімдеріне мектеп әкімшілігінің тарапынан айтар алғысымыз шексіз.
Өмірдің қуанышы - көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда!
Білімдінің сөзі - ем, мейірімі көп, өзі кең!