Қожа Ахмет Ясауидің туғанына - 930 жыл толуына тарихи - таным сағаты » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қожа Ахмет Ясауидің туғанына - 930 жыл толуына тарихи - таным сағаты
09
октябрь
2023

Қожа Ахмет Ясауидің туғанына - 930 жыл толуына тарихи - таным сағаты

Ахмет Ясауи және даналық хикметтері
Қожа Ахмет Ясауидің туғанына - 930 жыл толуына тарихи - таным сағаты
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , түркі әлемі, қазақ жұртшылығына танымал болған аса қадірлі жан - Қожа Ахмет Яссауидің туғанына - 930 жыл толуына орай , «Ахмет Ясауи және даналық хикметтері» атты тарихи - таным сағатын тарих пәнінің мұғалімі , 9 «Б» сынып жетекшісі Мустафин Бауыржан Нұржанұлы талапқа сай өткізді.
Түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауидің суреті , шығармаларын көрсете келе, сыныпты «Әдебиетші, Тарихшы, Суретші» деп 3 топқа бөлді . Постер қорғауда , «Әдебиетші» тобының спикері өлең оқыса ; «Тарихшы» тобының спикері мәліметті оқыды; «Суретші» тобының спикері салған суретін қорғады.
Шығармашылық бөлімінде Қожа Ахмет Яссауи туралы бейнеролик көрсетіп , түркі елінде қараңғылықтың көгінде жарық жұлдыздай нұрын шашқан жалынды, жарқын бейне болғанын тілге тиек ете келе , зымыран сұрақтар қойып , тиісінше сынып оқушылары «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріп жатты.
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі бойынша сынып жетекшісі Бауыржан Нұржанұлы сабақты қорытындылау мақсатында , оқушылардың сабаққа деген көзқарасын бағамдап , рефлексиясын тыңдады.
Тарихи - таным сағатының тәрбиелік мәні зор болды. Сынып оқушылары Қожа Ахмет Яссауи туралы тың деректермен ой бөлісіп, тарихи - таным сағатының мазмұнды өтуіне атсалысты.
Тарихыңды таны - тұлғаңды құрметте!