СҰЛУЛЫҚ символы - еңбекте! «Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс» . Виссарион Белинский » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СҰЛУЛЫҚ символы - еңбекте! «Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс» . Виссарион Белинский
24
май
2022

СҰЛУЛЫҚ символы - еңбекте! «Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс» . Виссарион Белинский

СҰЛУЛЫҚ символы - еңбекте!
«Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс» .
Виссарион Белинский
Мен , ұстаздық саналы ғұмырымда, тәрбие саласында қалтқысыз қызмет атқарып келемін . 2021 - 2022 оқу жылында «Ұстаз мейірімі мен ана мейірімі - тең егіз ұғым» деген ұстаныммен , Талас аудандық «Аналар» кеңесінің белсенді мүшесі ретінде , «Ана жүрегі - тым терең , сол тереңдіктен , Сіз кешірім таба аласыз» деп француз жазушысы Оноре де Бальзак айтқандай , тегеуріні терең тәрбие беру сатысында , мектепішілік мерекелік іс - шаралармен ғана шектелмей , білім ұясындағы «Аналар» кеңесінің белсенді мүшелерін - мектеп өміріндегі тәрбиелік мәні бар , сыныптан тыс жұмыстарға тартып келемін .
«Еңбек етсең еленерсің , өнбегіне кенелерсің» дегендей , «Жамбыл облыстық «Ардагерлер кеңесі» жанындағы «Аналар алқасының» Талас ауданында «Қоғамдағы аналардың мәртебесі» тақырыбындағы аймақтық семинар - кеңес барысында , еселі еңбегімнің жемісі ретінде - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында , Талас ауданының экономикалық - әлеуметтік салаларының дамуына , ынтымақтастық пен рухани келісімді насихаттауға және Билер кеңесінің жұмысын жандандыруға , Ардагерлер ұйымының беделін арттыруға қосқан зор үлесім үшін Талас аудандық Ардагерлер Кеңесі және Талас аудандық Билер кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталдым .
Бақыт кілті - еңбекте!
СҰЛУЛЫҚ  символы -  еңбекте!   «Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс» .                                  Виссарион Белинский