Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 2023 - 2024 оқу жылының басталуына орай, «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын » "Талас ауданы әкімдігі білім бөлімі "Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев"
Жамбыл облысы
Талас ауданы білім бөлімінің
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72644) 6-11-98
Есепші бөлімі:
+7(72644) 6-11-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 2023 - 2024 оқу жылының басталуына орай, «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын
09
октябрь
2023

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 2023 - 2024 оқу жылының басталуына орай, «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын

Мектебім - мейірім мекені
«Өмірде ең бастысы - адамдық парасаттылық, білім және өз Отанына адалдық». - Қасым - Жомарт Тоқаев
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы орта мектебінде , 2023 - 2024 оқу жылының басталуына орай, «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын талапқа сай өткізілді.
Тұғыры биік Талас ауданының 95 жылдығы , Қазыналы Қаратау қаласының 60 жылдығымен тұспа - тұс келіп отырған білім күні - білім алушыларға Тұғыры биік Таластың тарихын танып, Қазыналы Қаратау қаласы - туған қалам, менің болашағым! , - деп тұруы тиіс деп бағыт берілді.
Салтанатты жиынға Талас ауданының білім бөлімінің әдіскері Арипбаева Балауса , мектеп түлегі , Мерке ауданы, Мерке ауылы 11971 әскери бөлімі 3 - мото атқыштар ротасы 3- взводтың қатардағы жауынгері Орал Жасұлан Жарасханұлы қатысты.
1 «А» , «Ә» сынып оқушыларын білім беретін алғашқы ұстаздары Нысанбекова Сәуле Керейбекқызы, Исатаева Шолпан Тахирқызы бастап келді.
Әрбір шәкірттің жүрегіне жол тауып, білім нәрін жинауға шақыру үшін алғы сөзді мектеп директоры Токбергенова Гүлжамила Жидебайқызы алып, өткен оқу жылындағы жеткен жетістіктер мен игерілген биіктер туралы жеткізе келе, жаңа оқу жылында биік белестерді бағындыруға шақырды.
9 «А» сынып оқушысы Құрманәлі Жандәулет «Ұстазым» әнін орындаса, 2 «Ә» сынып оқушылары Бегалиев Диас, Қалдыбек Арсен, Шымырбай Балауса, Жеңіс Айару «Болашағы біз елдің» әнін композициялық шоу арқылы орындаулары сәтті шықты.
1 «Ә» сынып оқушылары «Білім - тәрбие бастауы!» атты жыр - шашуын тарту етсе , 2 «Ә» сынып оқушылары Ғалымжан Адия, Шымырбай Балауса : Әліппе - білім әлемінің баға жетпес байлығы. Әліппені терең меңгеріп, үздік оқып , еліміздің тұтқасын ұстар - мықты азамат болыңдар , - дей келе , «Әліппе» әнін орындаулары құнды болды.
1«А» сынып оқушылары «Отаным - алтын бесігім!» атты жыр шашуын мәнерлеп жатқа оқулары сәтті шықты.
Білім күніне арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиында «Алғашқы қоңырау соғу» салтанаты «Алтын белгіден» үміткер , 11 «А» сынып оқушысы Білдан Мейірім ,1«А» сынып оқушысы Мұрат Аслан , 1 «Ә» сынып оқушысы Мейрамбек Айсұлтанға тапсырылды.
1-11 сыныпта «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбындағы тәрбие сағаттары өткізілді.
Жаңа оқу жылы - табысты да, жетістікке толы болсын!